Зерде • 19 Сәуір, 2024

Әл-Фараби мұрасы байыпталды

70 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қа­зақ­ ұлт­­тық уни­вер­ситетінің 90 жыл­ды­ғы аясында ІІІ халық­ара­лық Фараби форумы өтті.­

Әл-Фараби мұрасы байыпталды

Ғұлама ғалымның бай мұра­сын жаңа қыры­нан зерттеп, тың зерт­теулерді саралауды мақ­сат еткен «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы» тақы­ры­бындағы конференция­да отан­дық және шетел фараби­танушылары бас қосты.

Жиынды ҚазҰУ басшысы­ Жансейіт Түй­мебаев ашып, «Әл-Фараби феномені – шын мәнін­де теңдесі жоқ құбылыс. Ол – ұлы ойшыл ғана емес, адамзаттың рухани өрлеуіне ықпал еткен ғұлама ғалым. Ел ғалымдарының іргелі зерттеулері мен ізденіс жұмыстарының арқа­сында Әбу Насыр әл-Фараби есімі мәдени рә­мізге, түркі мәдениеті мен руханиятынан бас­тау алатын қазақ мәдениетінің қайнары ре­тінде ұлттық мақ­танышымызға айналды. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Ақжан Ма­шани, Ағын Қасымжанов, Мұқаш Бурабаев, Әнуар Әлімжанов, Мұзаффар Хайруллаев, ­Ау­дан­­бек Көбесов, Артур Сагадеев, Құбығұл Жа­рық­­баев Әл-Фарабидің мұрасын зерттеп, на­си­­хаттау ісіне ұшан-теңіз үлес қосты. Енді ал­дыңғы буын фарабитанушылардың еңбек­те­рін кейінгі жас ғалымдар жалғастыруы керек», деді ол.

щщ

«Әл-Фараби – түркі әлеміне ғана емес, ислам әлеміне өзіңдік леп алып келген тұлға. Оның еңбек­тері мен философия­лық ойлары әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Сондықтан Фараби еңбектерін, ғылыми зерттеулерін жан-жақты қарастыру жұмыстары ешқашан тоқтамайды деп санаймын. Осы тұрғыда ҚазҰУ-да дәстүрлі түрде өтетін форум Әл-Фараби мұрасын жаңа бағытта зерттеуге мол мүмкіндік береді», деді өз кезегінде Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Мудеррисоглу Эврен. Ал Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Фағани Мухсин:«Әбу Насыр әл-Фарабиді Иран халқы ұлы ғұламалардың бірегейі ретінде жақсы таниды. Ойшыл медицина, философия, ғылым, білім және басқа да салалар бойынша белсенді жұмыс істеді. Оның әрбір ойы, пікірі, пайымы өте құнды. Ол араб тілінің лексикасын нығайтуға сүбелі үлес қосып, ғылымды ілгерілетуге, адам санасын дамытуға септігін тигізді», деп атап өтті.

Сирияның Қазақстандағы құрметті консу­лы Дерех Самир, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәде­ниеті университетінің ректоры, про­фессор Мұха­м­мед әл-Жинди, шетелдік ға­лымдар мен фара­би­танушылар баяндама жа­сап, ғалым мұра­сының әлемдік деңгейдегі ықпа­лына тоқ­тал­ды.

ш

Тағылымды басқосуда Түрік халықтары фило­софия қоға­мының Қазақ комитеті мен оқу ордасы ғалымдарының бас­та­масымен жарық көрген «Түрік философиясының анто­­ло­гиясының» көптомдық кіта­бы­ның тұсау­ке­сері өтті. Төрт томдық антологияға ұлы даланы көне заманнан бері мекен­деген түрік халық­тары мен ұлыс­та­рының философиялық және діни-мифологиялық дүние­таны­мына қатыс­ты мәтін­дер мен оларға берілген ғылыми тал­­дау­лар енгізілді. Әл-Фараби еңбек­­терінің топта­масы беріліп, адам­зат ойшылы өмір сүрген дәуірдегі түрік өркениетінің рухани болмысы байыпталған.

 

АЛМАТЫ