Қоғам • 19 Сәуір, 2024

«Алаш» сыйлығы берілді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазушылар одағында дәстүрлі әдеби жыл қорытын­ды­сы аясында бір топ қаламгерге халықаралық «Алаш» сыйлығы тапсырылды.

«Алаш» сыйлығы берілді

Атап айтсақ, Жарасбай Сүлей­меновке әде­биет­­ті наси­хат­тау­да­ғы еңбегі үшін, Әлия Дәу­лет­бай­ға «Алматыдан алыста» жыр жи­нағы үшін, Өмір Кәріпке «Бас­тау» романы үшін, Момбек Әбдә­кімұлына «Жаманқара батыр» кітабы үшін, Ғайса­ғали Сейтаққа «Жығыл­мас жал­ғыз бар туым» жыр жинағы үшін,  Серік Елікбайға «Мәшһүрдің мұңы»­­ ро­маны үшін, Төрехан Май­бас­қа «Алжыған ғасыр» кіта­бы үшін, Жалғасқали Дүт­­­ма­ғам­бетовке «Мәңгілік Махам­бет» кітабы үшін , Нұртас Иса­байға «Сам­ғау» өлеңдер жинағы үшін, Тыным­бай Төлепбайға «Ұлы сезім» романы үшін, Жұмат Тілеповке әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін, Егеухан Мұхамәдиқызына «Күдір жон, күрең белдерде» кітабы үшін, Ғайни Әлімбековаға әдебиетті на­си­хаттаудағы еңбегі үшін, Әубәкір Смайыловқа әдебиетті насихаттаудағы ең­бегі үшін, Сұраған Рахметке әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін, Ербол Алшынбайға «Жоғал­ған таулар» өлеңдер жинағы үшін, Мұрат Шай­ма­ранға «Жасыл түн» жыр жинағы үшін, Берік Садырға «Әлем әзіл әңгімелері» аудармасы үшін, Болатбек Төлепбергенге «Азаттық аңсаған» кітабы үшін, Дариға Мұштановаға әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін, Александр Карлюкевичке қазақ әдебиетін насихаттаудағы еңбегі үшін берілді.