Қазақстан • 19 Сәуір, 2024

Елімізде су саласы мамандарын даярлау желісі кеңейтіледі

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 макроөңірде экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылады. 2024-2025 жылдары «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация», «Гидротехникалық құрылыс» және тағы басқа мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде су саласы мамандарын даярлау желісі кеңейтіледі

Фото: Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы. gov.kz

«Оңтүстік макроөңірдегі техникалық және кәсіптік білім берудің бас тірек ұйымы ретінде Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжі таңдалды. Мұнда «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» мамандығы бойынша кадрлар даярланады. Студенттерге өндірістік практикадан өту мүмкіндігі беріледі, ал арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарланған. Сондай-ақ өндірістен мамандар тартуды жоспарлап отырмыз», деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Айта кетсек, Қазақстанда бес колледж су саласының мамандарын даярлайды. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі, Мақтаарал аграрлық колледжі, Түлкібас агробизнес және туризм колледжі, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі және Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжінде гидрогеология саласының 300-ге жуық болашақ мамандары оқиды және олардың 90%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше