Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Жылыойда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданының 1 866 отбасына 100 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылыойда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

Фото: Арман Мұқатов

Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов айтып берді.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім еткендей, Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен азаматтардан түскен өтініштерді тәулік бойы қарап жатыр. Қазіргі уақытқа дейін ауданның 3 266 тұрғынынан біржолғы төлем алуға өтініш түскен.

«Жылыой ауданының 1 866 отбасына 100 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Жергілікті тұрғындардан өтінім қабылдау жалғасып жатыр», деді А.Мамбетов.