Қазақстан • 19 Сәуір, 2024

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адамның денесі бір айдан соң табылды

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Полиция департаменті бұл ақпаратты растаған.

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адамның денесі бір айдан соң табылды

2024 жылы 27 наурызда Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында 1967 жылы туған Жапарбаев Дәурен есімді азамат жоғалып кеткен.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті ер адамның денесі Алматы облысының Қарасай ауданынан табылғанын мәлімдеді. Алдын-ала мәлімет бойынша ер адамның жүрегі тоқтап қалған.