Шырайы мен шыршасын сағынатын,
Жыр жазып тосып отыр тағы да ақын.
Жаңа жылым есіктен жатсынбай кір,
Қонағымсың басыңды хан ұғатын.
Мамық қар...
Аппақ шамдар... қандай сұлу,
Сондықтан ба, жақынсың жаныма тым!
Ілесіп күлкілерге жарқылдаған,
Қандай сезім мұндайда шарқ ұрмаған?!
Жаңа жылым көшін көр Нұрлы Жолдың,
Жер тыныш, малым түгел, халқым да аман!
Жаңа жылым ақ жарқын пейілмен кел,
Ақ жүрек ақындардай алтын қалам!
Аман менің көлім де, қамысым да,
Арқар елең қағады тағы шыңда.
Жаңа айыма жас келін сәлем салды,
Инабат танытқандай абысынға.
Жаңа жылым, атымтай мінезбен кел,
Мол болсын қазынам да, табысым да!
Қалам да, аман менің ауылым да,
Азаттықтың балқиды бауырында
Қарсы алады батагөй қариялар,
Ыстық құшақ жаяды бауырым да,
Кел, Жаңа жыл, жайдары қабағыңмен
Таусылмасын думаным, сауығым да!
Ибрайым НҰРҒАЛИ,
А.Иманов атындағы жалпы орта мектептің директоры.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шардара қаласы.
Шырайы мен шыршасын сағынатын,
Жыр жазып тосып отыр тағы да ақын.
Жаңа жылым есіктен жатсынбай кір,
Қонағымсың басыңды хан ұғатын.
Мамық қар...
Аппақ шамдар... қандай сұлу,
Сондықтан ба, жақынсың жаныма тым!
Ілесіп күлкілерге жарқылдаған,
Қандай сезім мұндайда шарқ ұрмаған?!
Жаңа жылым көшін көр Нұрлы Жолдың,
Жер тыныш, малым түгел, халқым да аман!
Жаңа жылым ақ жарқын пейілмен кел,
Ақ жүрек ақындардай алтын қалам!
Аман менің көлім де, қамысым да,
Арқар елең қағады тағы шыңда.
Жаңа айыма жас келін сәлем салды,
Инабат танытқандай абысынға.
Жаңа жылым, атымтай мінезбен кел,
Мол болсын қазынам да, табысым да!
Қалам да, аман менің ауылым да,
Азаттықтың балқиды бауырында
Қарсы алады батагөй қариялар,
Ыстық құшақ жаяды бауырым да,
Кел, Жаңа жыл, жайдары қабағыңмен
Таусылмасын думаным, сауығым да!
Ибрайым НҰРҒАЛИ,
А.Иманов атындағы жалпы орта мектептің директоры.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шардара қаласы.
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48