Қазақстан • 15 Сәуір, 2024

Астанада бір көшеге армян әліпбиі негізін қалаушысының есімі беріледі

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада бір көшеге армян әліпбиі негізін қалаушысының есімі беріледі

фото: gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Армениямен мәдени-гуманитарлық байланыс одан әрі нығаятынын айтты.

«Биыл Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді. Бұл маңызды іс-шара қос халықты жақындата түсетіні сөзсіз. Әсіресе, рухани байланыстарымызды жандандырмақ. Сондай-ақ құрметті Армения Премьер-министрімен Ереван қаласы көшелерінің біріне ұлы Абайдың есімін беру туралы келісімге келдік. Ал Астананың бір көшесіне армян әліпбиінің негізін қалаушы, әулие Месроп Маштоцтың аты беріледі. Оған қоса армян қарпімен жазылған қыпшақ тіліндегі қолжазбаларды зерттейтін ғылыми топ құру туралы бастаманы құптадық. Оны Еуразия ұлттық университеті және Ереван мемлекеттік университеті бірлесіп жүзеге асырады», деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев армян спортшыларын қыркүйек айында елімізде өтетін бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды.