Ғылым • 12 Сәуір, 2024

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым кез келген елде келешектің кілті саналады. «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген Әл-Фарабидің қанатты сөзі бар. Бұл бірнеше ғасыр бұрын айтылып кетсе де өзектілігі жойылған емес.

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

Фото: kostanaytany.kz

Ғылым қызметкерлерінің күні Тұңғыш Президенттің жарлығымен 2011 жылы бекітіліп, 2012 жылдан бастап аталып келеді.

Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні.

Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы негіз болды.

1996 жылы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауылшаруашылық ғылымдарының академиясы және ҚР Ғылым және технологиялар министрлігі ҚР Үкіметінің құрамындағы орталық атқарушы орган – Қазақстан Республикасының Ғылым Министрлігі – Ғылым академиясына біріктірілді.

Ал 2003 жылы Ғылым академиясына «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестік мәртебесі берілді.