Аңдатпа • 10 Сәуір, 2024

Аңдатпа: «Болмаған балалық шақ»

16 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 СӘУІР - Н.Бекежанов атын­дағы Қызылорда об­лыс­тық қазақ ака­де­мия­лық музыкалық драма театрында Ақ­берен Ел­гезектің «Бол­маған ба­лалық шақ» қо­йылымы ұсы­нылады. Режиссері – А.Оразалы.

Аңдатпа: «Болмаған балалық шақ»

Фото: baq.kz

12 СӘУІР - Дала қызының дауысы

Тараз қаласы «Бала­сағұн» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сә­ме­динованың «Мен да­ла­ның қызымын» атты шы­­ғар­машылық кеші өтеді.

14 СӘУІР -«Қаһар» қойылымы

Ғ.Мүсірепов атын­дағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын­да Жан Ануй­дың «Қа­һар» трагедиясы қойы­лады. Ре­жис­сері – Д.Жұма­баева.

20 СӘУІР -Классика тыңдағыңыз келсе...

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемле­кеттік академиялық филармония­сында Шахризада Ты­ныш­тықтың жеке кон­церті өтеді.