Қоғам • 10 Сәуір, 2024

«Қиын жағдайда бірлігімізді көрсете білдік»: Димаш Құдайберген ақтөбеліктерге жылы сөз айтты

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсетті. Ол ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен де кездесті, деп жазады Egemen.kz.

«Қиын жағдайда бірлігімізді көрсете білдік»: Димаш Құдайберген ақтөбеліктерге жылы сөз айтты

Фото: kudaibergenov.dimash

«Бүгін Ақтөбеге келіп, судан зардап шеккен тұрғындарымен кездестім. Оларға қиындықты еңсеруде мықты болуға шақырып, күшіміз бірлікте екенін айттым. Сонымен қатар қалада ашылған гуманитарлық көмекті үйлестіру орталығына барып, волонтер жастармен кездесіп алғысымды білдірдім», деп жазды әнші.

Димаш Құдайберген әскери қызметкерлерге де алғысын білдірді. 

«Бауырлар, шын жүректен рақмет айтамын. Алла Тағаланың елімізге жіберіп тұрған осы сынағы - қиын күндерде бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлігімізді көрсете біліп жатырмыз. Еңбек етіп жүре берейік. Болашағымыз жарқын болсын, ең қиын, ең ауыр күндеріміз осымен кетсін, бұдан кейін тек қана жақсы күндер келсін басымызға», деді Димаш.

п