Қаржы • 10 Сәуір, 2024

Актив сапасы артып келеді

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда халықаралық сарапшылар еліміздегі банк секторының сенім­ділігі мен тұрақтылығына тағы бір талдау жүргізді. «S&P Global Ratings» агенттігі активтер сапасы мен рет­теу­шілік қадағалаудың жақсаруына байланысты біздегі 5 екінші деңгейлі банкке (ЕДБ) «барлау» жасаған.

Актив сапасы артып келеді

Олар кейінгі жылдардағы мак­ро­­­­экономикалық тәуекел, актив­­тер сапасы мен банк секторы қар­жылық көрсеткіштерінің болжанған деңгейден едәуір жоғары екенін әрі қаржылық қада­­ғалаудың біртіндеп ұлғай­ға­нын атап өтеді. Қаңтар айының қоры­тындысына сәйкес ЕДБ несие портфелі 29,4 трлн теңгені, ал 90 күннен аса мерзімге кешіктірілген қарыздар (NPL90+) 888 млрд теңгені немесе порт­фель­дің тек 3%-ын құраған.

Салыстырмалы түрде қара­ған­да, бір жыл бұрын банк қарыз­да­рының жиынтық көлеміндегі NPL90+ үлесі – 3,4%, бес жыл бұрын – 8,1%, он жыл бұрын 32,2% болған. Яғни он жыл ішінде несие порт­фе­ліндегі NPL 90+ он еседен аса қыс­қарған.

Микроқаржы ұйымдары сек­то­­рында былтырғы жылдың қоры­тын­дысы бойынша «ұзақ» кешік­ті­ру­дің үлесі 6,2%-ды құраған. NPL 90+ сомасының өзі тоқсан ішінде 18,2%-ға, 74,3 млрд теңгеге дейін өсіп, микроқаржы ұйымдарының жалпынесиелік портфелі 7%-ға,
1,2 трлн теңгеге дейін ұлғайған.