Таным • 09 Сәуір, 2024

Әлемдегі ерекше жерлер: Мақталы қорған

39 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл – Түркиядағы ерекше көркем жердің бірі. Табиғаттың ғажайып тартуы десе болады. Анталияға жақын орналасқан. «Памуккале» сөзі «Мақталы қорған» деген мағына білдіреді.

Әлемдегі ерекше жерлер: Мақталы қорған

Шынында, оған алыстан қарасаң, қардай ақ түсті қорғанға ұқсайды. Сондықтан атауын соған үйлестіріп қойса керек. Памуккалеге адамдар ем алу үшін де келеді. Өйткені мұндағы минералдарға толы жылы су түрлі дертке ем. Сондай-ақ 1988 жылы Памуккале мен оның іргесіндегі Иераполис қаласының қирандылары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген.

 

Бес түске енетін өзен

сми

Колумбияда «Каньо-Кристалес» атты әдемі өзен бар. Оны испан тілінен аударғанда «кристалдай өзен» деген мағына береді.

Бірақ жергілікті халық бұл өзенді «бес түсті өзен» деп айтады. Өйткені өзен мау­сым мен қараша аралығында бес түске енеді. Осы кезде өзеннің суы біресе сары, біресе қызыл, біресе жасыл, біресе көк, біресе қара түске еніп, алмасып отырады. Каньо-Кристалес өзені жүз шақырымдай аумақты алып жатыр. Осы аумақта 420 құстың түрі мекендейді. Бірақ өзеннің бес түрлі түсі Гуайаберо су айрығына келгенде жоғалып кетеді.

 

Қамалдар аңғары

вап

Еліміздегі әлемге танымал жердің бірі – Шарын шатқалы. Өйткені бұл шатқал – табиғи әсемдігімен, ерекше сұлулығымен көз тартады.

Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы», тағы басқа құмды жарлар бар. Жергілікті жұрт шатқалды «Қорғанды қамалдар аңғары» деп айтады. Аңғар ұзындығы шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады. Шатқалдан ежелгі адамдардан туындыларын көре аласыз. Сондай-ақ жабайы аңдардың бейнесі арқылы бұл аймақта палеолит дәуiрiндегі құс-жануарлардың мекендегенін аңғаруға болады.