Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Абай облысында бір үйдің екі баласы із-түзсіз жоғалып кетті

1129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 сәуірде Абай облысының орталығы - Семейде әпкелі-інілі бір үйдің балалары жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында бір үйдің екі баласы із-түзсіз жоғалып кетті

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Өңірлік ведомсвто мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елді мекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.

«2005 жылы 10 маусым күні туған Әбішева Алтынай Дәулетқызын және кәмелетке толмаған - 2008 жылы 28 қаңтарда туған Әбішев Абзал Дәулетұлын іздестіруге жәрдемдесуді сұраймыз.

Алтынайдың белгілері: бойы - 160-165 см, дене бітімі - арық, қара шашты.

Алтынайдың киген киімі: тізеге дейін жасыл болон куртка, қара түсті футболка, қара түсті кроссовка.

Абзалдың белгілері: бойы - 175-180 см, дене бітімі - арық, шашы ашық түсті, оң көзінің астында тыртық бар.

Абзалдың киген киімі: қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка.

Егер Сіз фотосуреттегі жасөспірімдердің орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефон арқылы хабарлауды сұраймыз», делінген ақпаратта.