Спорт • 08 Сәуір, 2024

Париж-2024: Назым Қызайбай лицензиялық турнирде жұдырықтасады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Тайландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу сайыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж-2024: Назым Қызайбай лицензиялық турнирде жұдырықтасады

Фото: Ашық дереккөз

50 келі салмақ бойынша Алуа Балқыбековамен финалдық жекпе-жекте Назым Қызайбай жеңіске жетті.

Енді ол мамыр айында Тайландта өтетін лицензиялық турнирде жұдырықтасады.

Назым Қызайбай – 2014 жылы әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында (Оңтүстік Корея, Чеджу қаласы) чемпион атанып, Қазақстан спорт тарихында ел халқын тұңғыш рет алтын медальмен қуантқан алғашқы бұрымды боксшы.