Президент • 08 Сәуір, 2024

Президент облыс әкімдеріне жолдарды ретке келтіруді тапсырды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент облыс әкімдеріне жолдарды ретке келтіруді тапсырды

Фото: Алексей Мальгавко

Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.

«Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек», делінген Ақорда хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Қалам қазанаты

Тұлға • Бүгін, 08:55

Орман қорына қол сұғу тыйылмай тұр

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:50

Өмірі өнермен өрілген

Тұлға • Бүгін, 08:45

Қияндағы қыстау

Талбесік • Бүгін, 08:37

Қасіреттің құны қалай өтеледі?

Талбесік • Бүгін, 08:35