Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Алтындала ауылынан 125 адам эвакуацияланды

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай ауданына қарасты Алтындала ауылынан 125 адам, оның ішінде 35 бала эвакуацияланды. 

Алтындала ауылынан 125 адам эвакуацияланды

Сондай-ақ тұрғындардың қорасында тұрған 64 бас мал – 8 ірі қара, 45 ұсақ мал, 11 жылқы су жетпейтін қыр жерге шығарылған.

Алтындаламен іргелес жатқан Еңбек ауылынан да 3 адам эвакуацияланды. Бұл ауылда екі үйдің бақшасына су кірген.

«Ауылдың өзен жақ бетіне топырақ үйіліп, бөгет салынды. Қазір су жолы жабылды», деп хабарлады аудандық жедел штаб өкілдері.  


Қостанай облысы