Қоғам • 07 Сәуір, 2024

ТЖМ: 63 927 адам эвакуацияланды

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы уақытқа дейін Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсаттағы 79 ғимарат су астында қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою Департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ: 63 927 адам эвакуацияланды

Фото: ОКҚ

Оның айтуынша 63 927 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 45 мүмкіндігі шектеулі адам, 15 283 бала бар. Уақытша орналастыру пункттеріне 13 328 адам жеткізілді, оның 6 742-сі бала. Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар 10 068 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды.

Ұшқыштардың шеберлігі арқасында 2 607 адам құтқарылды, оның ішінде 760 бала бар. Тәулігіне 243 адам құтқарылды. Құтқару операциясы қиын жағдайда өтіп, адамдарды үйлердің төбесінен эвакуациялауға арнайы техника және лебедкаларды пайдалану қажет болған.

96 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізілген, 7 млн 300 текше метр еріген су тартылған. 921 мыңнан астам қапшық және 970 мың тонна инертті материалдар төселген.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 8789 адам, 1756 бірлік техника, 415 су айдау және 65 жүзу құралдары жұмылдырылды. 12 әуе кемесі жауынгерлік кезекшілікте жүр.

Еліміздің 10 өңірінде әкімдіктер жергілікті төтенше жағдай жариялады. Сенім телефонына 973 қоңырау түскен. Барлық өңірде тәулік бойы жедел штабтар жұмыс істеп тұр.