Аймақтар • 06 Сәуір, 2024

Қазақстанның бес облысында республикалық тасжолдарды су басты

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бес облысында республикалық тасжолдардың жеті учаскесін еріген су басып қалды. Сондай-ақ еліміздің алты облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның бес облысында республикалық тасжолдарды су басты

Фото: kostanaytany.kz

«2024 жылғы 6 сәуірдегі сағат 08:10-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 5411 метр болатын су тасқыны орын алды», деп хабарлады ведомстводан.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 797 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 248 бірлік техника мен 285 адам жұмылдырылған.