Төтенше жағдай • 06 Сәуір, 2024

Ресейде дамбы жарылды, тұрғындар эвакуацияланып жатыр

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласында дамбы жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде дамбы жарылды, тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Су басқан аймақтан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары басталып кетті. Төрт мыңдай жеке тұрғын үй дамбы жарылуы салдарынан су астында қалу қаупі бар.

«Дамбы жарылуы мен Орал өзенінің арнасынан шығуына байланысты Гагарин, Строитель, Докучаев көшелерінің тұрғындарына бірден құжаттарын жинап, уақытша орналасу пунктіне эвакуациялану қажет», деп жазды жергілікті БАҚ.