Инвестиция • 05 Сәуір, 2024

Инвестиция тарту жайы пысықталды

25 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Инвестиция тарту жайы пысықталды

Талқылау аясында инвестициялық жобаларды «Жасыл дәліз» тетігіне енгізу критерийлері қаралды. Аталған критерийлер ашықтықты арт­тыруға және инвес­торлардың атқарушы би­лік орган­дарымен өзара іс-қимы­лын жеңілдетуге бағытталған.

Жиын барысында Инвес­тициялар туралы келісімнің тетігін жақсартуға ерекше назар аударылды. Ұсынылған тетік өтінімдерді қарау уақытын 12 айдан 3 айға дейін қысқартуға және рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған, бұл инвестиция­лар саласында неғұрлым тиімді жұмыс істеуге ықпал етеді.

Сонымен қатар автожол құрылысы саласына инвестиция тарту мәселесі қаралды. Жалпы, инвестициялық масштабта бекітілген шаралар отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, оларды ірі автожол жобаларын іске асыруға тартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ отырыста қат­ты тұрмыс­тық қалдықтар­ды энергетикалық кәдеге жаратуды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Бұл сала инвестиция тарту үшін перспективалы салалардың бірі болып саналады.

Отырыс аясында фармацевтика және қатты тұрмыстық қалдықтар сала­сында­ғы жекелеген инвестициялық жобалар­дың проблемалық мәселелері көтерілді.

Өңірлік деңгейде Қарағанды облысы әкімдігінің инвестиция тарту жөнін­дегі қызметі қаралды. Өңірде 12 мыңнан аса жұмыс орнын құра отырып, 50 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды.

Отырыс қорытындысына сәйкес, жауап­ты мемлекеттік органдарға Инвес­тиция тарту жөніндегі кеңестің ерекше бақылауында болатын тапсырмалар берілді.