Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары реконструкциядан өтеді

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасын аралап, «Қазсушар» РМК жергілікті филиалының мамандарының жұмысымен және жағдайлармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары реконструкциядан өтеді

Фото: aktobetour.weebly.com

Қазір жалпы сыйымдылығы 280 млн текше метр болатын Қарғалы су қоймасы тағы 70 млн текше метр су қабылдай алады. Еріген қар суын өткізуге арналған екі шлюз ашық, әрқайсысы секундына 100 текше метр су жіберіп жатыр.

Нысанда тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. Су жинау, қабылдау және өткізу жөніндегі деректер сағат сайын жергілікті атқарушы органдарға және төтенше жағдайлар департаментіне жіберіледі.

«Судың келуіне дайын болу керек, сондықтан қазіргі уақытта Қарғалы су қоймасынан барынша су жіберуді қамтамасыз ету маңызды. Сондай-ақ суды дұрыс бөлу үшін Ақтөбе су қоймасымен жұмысты үйлестіру қажет», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.