Аймақтар • 02 Сәуір, 2024

Атырау облысының ауылдарынан тұрғындарды эвакуациялап жатыр

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында Ойыл өзенінен төнген тасқын судың қаупі әлі сейілген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының ауылдарынан тұрғындарды эвакуациялап жатыр

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, су полициясының қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялауға көмекке келді.

«Тасқын су Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылынан шығатын айналма жолды шайып кетті. Қазір жол қозғалысы тоқтады. Су полициясының қызметкерлері 1 сәуірден бері Тайсойған ауылынан 100-ден астам тұрғынды моторлы қайықпен эвакуациялады. Бүгін, 2 сәуірде таңғы сағат 7-ден бері Көздіқара елді мекенінен 30-ға жуық тұрғынды эвакуациялау басталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.