Бокс • 02 Сәуір, 2024

Париж Олимпиадасы: жеңген боксшыға қанша ақша беріледі?

1026 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшыларды марапаттап, сыйақы үлестірді, деп жазады Egemen.kz.

Париж Олимпиадасы: жеңген боксшыға қанша ақша беріледі?

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Жақында Италияда өткен Әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен Ұлттық құраманың бапкерлер алқасына қаржылай сыйақы берілді.

Жолдама қанжығалаған боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, Бокстан ұлттық құрама сапындағы жаттықтырушыларға да сыйақы табысталды.

Сонымен қатар жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:

1-орын: 220 000 $
2-орын: 120 000 $
3-орын: 70 000 $
4-орын: 30 000 $
5-орын: 10 000 $

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.