Тағайындау • 01 Сәуір, 2024

Бұрынғы Экономика министрі жаңа қызметке тағайындалды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Kazenergy» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрынғы Экономика министрі жаңа қызметке тағайындалды

Фото: primeminister.kz

Ақпаратты бүгін «Kazenergy» компаниясының баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, 2021 жылдың сәуір айынан бастап «Kazenergy» қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ибрашев болды.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы 14 қарашада Атырау қаласы 2006 жылы Томск мемлекеттік университетін (қаржы және несие, лингвистика және мәдениетаралық коммуникация мамандығы), 2010 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Мичиган университетін (қолданбалы экономика магистрі) бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық байланыстар департаментінің Ішкі басқару департаментінің жетекші маманы болып бастап, 2006 жылдың ақпан айына дейін жұмыс істеді. Одан кейін 2022 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарған. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі болды (02.2021-11.01.2022).

2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.