Әлем • 31 Наурыз, 2024

Израиль премьер-министрі өз өкілеттігін уақытша тоқтатады

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху денсаулығына байланысты өз өкілеттігін басқаға береді, деп хабарлайды Egemen.kz The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Израиль премьер-министрі өз өкілеттігін уақытша тоқтатады

фото: depositphotos.com/Roman_Yanushevsky

Әділет министрі Ярив Левин уақытша премьер-министр қызметін атқарады. Ол сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары.

Беньямин Нетаньяхуға 31 наурыз күні кешке әскери кабинет отырысынан кейін ота жасау жоспарланған. Операция кезінде Нетаньяху толық наркозда болады.

«Денсаулығындағы ақау кеше түнде жоспарлы тексеру кезінде анықталды, деп хабарлады Израиль премьер-министрінің баспасөз қызметі.