Құтқарушы • 30 Наурыз, 2024

Ұшқыштар су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары Ақтөбе облысында су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылы нәтижесінде Ойыл ауданына қарасты Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұшқыштар су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 29 наурыздағы эвакуациялық іс-шаралар кезінде майор Жәнібек Бекбаулиевтің басқаруындағы Ми-8 тікұшағының экипажы Берсиев ауылының шетіндегі қиын жағдай туралы рация бойынша хабарлама алған. 

Тасқын кесірінен елді мекеннен кету мүмкіндігінен айырылған адамдар сол уақытта – суға батқан шаруашылық құрылысының төбесінде еді, оларға шұғыл эвакуация қажет болған.

Қорғаныс министрлігі

Экипаж зардап шеккендер тұрған жерге жедел жеткен. Тікұшақ шаруашылық құрылысының төбесінен бір метр қашықтықта көмек күткен адамдарды қабылдап, Ақтөбе қаласының әуежайына эвакуациялады.

Жанармай құйған соң тікұшақтар ТЖМ қызметкерлерімен және жүзу құралдарымен Берсиев ауылындағы мектептегі тұрғындарға көмекке ұшып кетті. Эвакуациялық жұмыстар түнгі уақытта да жүріп жатыр.

Министрлік хабарламасында: «Әскери ұшқыштар құтқарушылармен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, апат аймағында қалған адамдарды құтқарып жатқанына үш күн болды», делінген.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024