Аймақтар • 30 Наурыз, 2024

Су тасқыны: Байланыс операторы тұрғындарға тегін қызметтерін аударды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Beeline» ұялы байланыс операторы төтенше жағдай режімі жарияланған Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарының тұрғындарына тегін байланыс қызметтерін аудара бастады.

Су тасқыны: Байланыс операторы тұрғындарға тегін қызметтерін аударды

Фото: yandex.kz

«Beeline» операторы су тасқыны болып жатқан Торғай өңіріндегі тұтынушыларының ҚР бойынша барлық нөмірлеріне 50 минуттық бірлік,  50 SMS және 7 күнге 10 Гб көлемінде интернет-трафигін аударды. Абоненттерге бұл туралы SMS хабарлама жіберілген. Аударымды «Менің Билайным» қосымшасы немесе *106#  командасы арқылы тексеруге болады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі аталған оператор, қажет болған жағдайда, тегін байланыс қызметтерінің мерзімін ұзартуға әзір екенін хабарлады.  


Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Бұрын-соңды болмаған өсімдік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ғарыштағы ЖИ деректер орталығы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Жаз маусымының бір сынағы

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Адам ДНҚ-сын құрастырады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Құлжан әулетінен қалған мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Күй

Сатира • Бүгін, 07:58