Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

Пилотсыз аппараттар Петропавлда да жасалады

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Петропавлдың ауыр машина зауытында болып, отандық пилотсыз ұшатын аппараттарды тамашалады.

Пилотсыз аппараттар Петропавлда да жасалады

Кәсіпорынның қазіргі басшысы Арман Құлмағамбетов бұл аппараттардың өрт сөндіруге ыңғайлы екенін баяндады. Олар ормандардағы өрттерді сөндірумен қатар биік үйлердегі өртті сөндіруге де ыңғайлы екені айтылды. Қазір бұл кәсіпорын Қытайдың Feima Robotics фабрикасымен екіжақты келісімшартқа қол қойып, ұшаққа және мультикоптер арқылы ұшырылатын дрондарды жасауға қол қойыпты.

Бір кезде 10 мыңдай қызметкер жұмыс істейтін бұл қорғаныс кәсіпорнында қазір 454 адам жұмыс істейді. Биылғы 2 айда кәсіпорын 2,2 млрд теңгенің өнімін шығарған.