Бокс • 27 Наурыз, 2024

«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 4 боксшымыз шаршы алаңға шығады

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан халықаралық бокс бәсекесінде 4 боксшымыз шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 4 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

«Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр. Осы сында бақ сынайтын Қазақстан спортшылары белгілі болды.

48 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов ресейлік Адам Аливке қарсы жұдырықтасады. 

54 келіде Тимур Қабдешов пен ресейлік Максим Кузнецов өзара кім мықтыны анықтайды.

60 келіде Талғат Сырымбетов өзбекстандық Бахтиер Асадовпен қолғап түйістіреді. 

71 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын отандасымыз Дархан Дүйсебай ирандық Касра Тахмасевиге қарсы шаршы алаңға шығады. 

Ел спортшылары Астана уақытымен сағат 16:30 - 19:45 аралығында өнер көрсетеді.