Елорда • 23 Наурыз, 2024

Астанада көктемгі санитарлық тазалау басталды

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктемнің жылы күндерінің басталуымен елорданың коммуналдық қызметі қаланы ауқымды санитарлық тазалауға кірісті. Мәселен, көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, белгілер, қоршаулар, аялдамалар жуылады, скверлер, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстардан тазартылады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада көктемгі санитарлық тазалау басталды

Фото: Астана әкімдігі

Қазір арнайы техниканың көмегімен тротуарлар мен жол жабындарын механикаландырылған тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Қолмен және техниканың көмегімен жол жиегі тазаланады. Сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандары еріген суды сорады.

Іс-шараға 1000 арнайы техника бірлігі және 2300 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Акцияға 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер, аудан белсенділері қатысты. Елордада жалпы 60 мыңға жуық тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Тазаланған аумақтың ауданы 52 млн шаршы метрден асады.