Аймақтар • 22 Наурыз, 2024

Павлодарда жоғалған 29 жастағы жігіт қоштасу хатын жазып кеткен

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда әлеуметтік желідегі барлық парақшаларын өшіріп, туысқандарына қоштасу хатын жазып кеткен 29 жастағы ер адам табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда жоғалған 29 жастағы жігіт қоштасу хатын жазып кеткен

 Бұл туралы VITA еріктілері мәлім етті.

«Азамат Бақытұлы Исмурзинов 13 наурыз күні үйінен шығып кеткеннен оралмаған. 1995 жылы туған, бойы 170 см, арықшалау келген, шашы қара түсті, көзілдірік тағады. Үстінде жасыл түсті күртешесі, аяғында ашық қоңыр түсті бәтеңке болған. Азаматтың достарының айтуынша, ол әрдайым күлімсіреп жүретін, ақылды жігіт, бірақ бойында бір құпияны ұстап жүретіндей көрінетін еді дейді. Азаматты Павлодар қалалық Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері іздеп тапты», - деп мәлімдеді VITA жасағының өкілдері.