Күрес • 19 Наурыз, 2024

Байрақты бәсеке басталды

39 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысы Қарасай ауданында өткен жылы ғана қолданысқа берілген заманауи Олимпиадалық даярлау орталығында грек-рим, еркін және әйел­дер күресінен Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының чем­пионаты салтанатты түрде ашылды.

Байрақты бәсеке басталды

Фото: olympic.kz

Онда еліміздің барлық өңі­рінен, яғни 17 облыс, 3 қаладан келген 20 команда спортшылары сап түзеді. Чемпионаттың ашы­луына Қазақстанның Грек-рим, ер­кін және әйелдер күресі федера­ция­­­сының Бас хатшысы Димаш Сұл­танов, федерацияның вице-президенттері Билалдин Ушу­ров, Асқар Қулов, Дәурен Жап­пасов және өңірдің спорт жанашырлары қатысты.

Байрақты бәсекеде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі жауырыны жерге тимейтін 1500-ден астам жас спорт­шылар күрестің әр түрінен 10 салмақ дәрежесі бойынша белдесуді бастап кетті.

«Елімізде грек-рим күресі өткен ғасырдың екінші жартысы­нан дами бастады. Оның ал­ғаш­қы жемісі – 1980 жылғы жаз­ғы Олимпиада ойындарының нәти­жесі. Жерлестеріміз Жақсы­лық Үшкемпіров пен Шәміл Се­ріков грек-рим күресінен хал­­қы­мыздан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпиондары атанып, кейінгі буынға сара жол салды. «Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Бұл Қазақстан спортының әлемдік деңгейде дамығанын көрсетеді»,  деген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларға зор сенім артты. Сондықтан ара­­ларыңыздан Отанымыздың даңқын асыратын спортшылар шығарынан үміттіміз», деген Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым спортшыларға сәттілік тіледі.

Қазақстан чемпионатының алғашқы күнінде 5 салмақ дә­режесі бойынша тартысты бел­­десулер басталды. Он күн­ге жуықтайтын жарыс күн­де­лі­гінде жеңімпаздар есімдері анық­талатын болады.

 

Алматы облысы