Экономика • 15 Наурыз, 2024

Қаражат ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет - Президент

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері жиілегенін атап өтті. Сондай-ақ Қаражат ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет екеніне айрықша тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Қаражат ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет - Президент

Фото: ашық дереккөзден

«Тағы бір мәселе – бюджет қаржысын үнемдеу. Үкімет бұл мәселені әрдайым басты назарда ұстауға тиіс. Қазір бюджеттің кірісі мен шығысы қайта қаралып жатыр. Қаржыны оңды-солды жұмсауға болмайды, бұл – ақиқат. Мемлекеттік мекемелердің бюджетін тексеріп отырмаса, шығыстары ұлғая береді. Мұны қатаң бақылауда ұстау керек. Тағы да қайталап айтамын. Қаражат ең қажет жобаларға, ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет», деді Қ.Тоқаев.

Президент жауаптыларға елімізді аймақтағы ашық нарықтық экономикасы бар маңызды орталыққа айналдыру бойынша жұмыс істеу міндетін жүктеді.

«Мен ұлттық буржуазия туралы ой-тұжырымды осыдан 24 жыл бұрын Давос экономикалық форумында атап өттім. Бұл жерде ұлттық деген сөз кәсіпкердің ұлтына емес, оның азаматтық сана-сезіміне қатысты айтылып отыр. Яғни, елімізге қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігін сезінетін және Қазақстанды дамытуға елеулі үлес қосатын ұлттық буржуазия керек», деді Мемлекет басшысы.