Білім • 15 Наурыз, 2024

«Жайлы мектептің» жайы

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Биыл тапсырылатын 10 мектептің мердігері анықталып, тоғызының құрылысы жүріп жатыр.

«Жайлы мектептің» жайы

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы кеш шығуына байланыс­ты 1 мектеп құрылысы жа­қын күндері басталмақ. Инфра­құрылым жеткізуге жер­гі­лік­ті бюджеттен 118,4 млн теңге бөлініп, жоба-сметалық құ­жаты әзірленді, 9-ына сараптама қорытындысы алынды, біреуі аяқталу сатысында тұр. Инженерлік желілер жүр­гізуге облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлініп, бү­гін­гі күні мердігер мекеме­лер анықталыпты.

Жуырда өткен мәжі­ліс­те облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл бағыт­та­ғы жұ­мыстар жоба үйлес­ті­ру­шісі «Самұрық-Қазына Констрак­шн» акционерлік қоғамы өкіл­дерімен бір­лескен жол картасына сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл ретте құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына мердігер мекеме басшыларымен тығыз жұмыс жасау тапсырылып отыр. Былтыр басталған 10 мектеп биылғы 1 қыркүйекте пайдалануға берілуі керек. Оларға сыртқы инженерлік инфрақұрылым жүргізу ал­дағы маусым айы­ның со­ңына дейін аяқталуға тиіс. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері осы жылдың 1 тамызына дейін мек­тептер аумағын жол-көлік желі­лерімен, жарықтандыру, абат­тандыру, жаяу жүргін­ші­лер жолдарымен және аялдамалармен қам­та­масыз етуі қажет.

«Самұрық-Қазына Кон­страк­шн» акционерлік қо­ғамы басшыларының об­лыс­қа сапары кезінде ұйым­дас­ты­рылған мәжілісте ұлт­­­тық жобаны өңірде асы­­рудың осындай өзекті мәсе­лелері жан-жақты тал­қы­лан­ды.

Жалпы, биыл облыста 6 900 орындық 10 мектеп, келер жылы 5 400 орындық 11 білім ошағы қолданысқа берілмек.

 

Қызылорда