Қоғам • 14 Наурыз, 2024

«Қазгидромет» су басу қаупі төніп тұрған аумақтарды атады

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазгидромет» су басу қаупі төніп тұрған аумақтарды атады

Фото: @ortcom_kz

«Қазгидромет мамандарының бағалауынша наурыз айының соңына қарай ауа температурасының фоны көтеріліп, қарқынды қардың еруіне және су басу қаупіне әкеледі. Сонымен қатар РФ шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені және оның салаларына, Тобылдың алаптарына ерекше назар аудару қажет. Қазір Орынбор және Челябі облыстарында, сондай-ақ Башқұртстанда жиналған қар көлеміне байланысты қолайсыз су тасқыны жағдайы қалыптасты», деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Спикердің айтуынша, гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекеттерде жүргізіледі.