Оқиға • 08 Наурыз, 2024

Бірнеше сағат жанған элеватордағы өрт сөндірілді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері Глубокое ауданына қарасты Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше сағат жанған элеватордағы өрт сөндірілді

Фото: ТЖМ

«Сағат 12:30-да өрт сөндірілді. Кептіргіште шамамен 10 тонна астық болды. Өрттің ауданы - 120 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 бірліктен астам техника, ҚТЖ 1 өрт сөндіру пойызы, ТЖД және «Васкен» ЖШС қатысты», делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрттің алдын ала себептері: ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау және технологиялық процесті бұзу.