ANTIKOR • 06 Наурыз, 2024

258 миллион теңге жымқырған депутат: Антикор істің мән-жайын тарқатты

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық БАҚ-та Солтүстік Қазақстан облысы мәслихат депутаты Павел Булаевтың сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған еді. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі деректі растап, іске қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

258 миллион теңге жымқырған депутат: Антикор істің мән-жайын тарқатты

Фото: arbat.media

Бірнеше жылдан бері Петропавл әкімдігіне қарасты «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК басқарған, сонымен қатар облыс мәслихатында депутаттық мандаты бар Павел Булаев ұсталды. Ол бір мандатты №13 аумақтық сайлау округі бойынша «Ақ жол» партиясынан сайланған еді.

«Лауазымды тұлғалар 2020-2022 жылдар аралығында нөсер су желілерін реконструкциялау, сорғы станцияларын жөндеу және арнайы техниканы жалға беру қызметтерін көрсету бойынша еншілес кәсіпорындармен жалған келісімшарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 258 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.