Спорт • 01 Наурыз, 2024

Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Ұлттық құрама жасақталды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгірудің спринт және көпсайыс түрлері бойынша наурыздың 7-10 күндері аралығында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын құрама жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Ұлттық құрама жасақталды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, биылғы бәсекеде Қазақстанның 6 спортшысы мынадай қашықтықтар бойынша додаға кіреді: 

Ақжол Нұралы – (көпсайыс) 1-күні 500-3 000 м, 2-күні 1 500-5 000 метр.

Алтай Жәрдембекұлы – (спринт) екі күнде 500-1 000 метр.

Екатерина Айдова – (көпсайыс) 1-күні 500-1 500 метр, 2-күні 1 000-3 000 метр.

Алина Дауранова – (спринт) екі күнде де 500-1 000 метр.

Инесса Шумекова және Кристина Шумекова – (спринт) екі күнде де 500-1 000 метр.

Ұлттық құраманың бас бапкері – Александр Панфилов.