Қаржы • 28 Ақпан, 2024

Доллар қымбаттап, мұнай арзандады

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,21 теңгеге қымбаттап, 451,31 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қымбаттап, мұнай арзандады

Фото: tengemonitor.kazgazeta.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,59 теңгені (+0,42) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 487,09 теңге, рубльді 4,89 теңгеге белгіледі.

Дәл қазір елдегі ақша айырбастау орындарында доллар 450,9-452,7 теңгеге, еуро 488-491 теңгеге, ресей рублі 4,81-4,89 теңгеге сатылып жатыр.

 

Бұдан бөлек, бүгінгі аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендегені байқалып отыр.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында мамыр айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,80%-ға арзандап, барреліне 82 долларды құрады.

Ал NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,81%-ға төмендеп, барреліне 78,23 долларды құрады.