Сайлау • 27 Ақпан, 2024

Ауыл әкімдері сайланды

62 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент өткен жылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында аймақтарға қатысты саясатта маңызды реформалар жүргізілетінін айтқан болатын. Бұл іс өңірлерде біртіндеп жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – әкім сайлауы.

Ауыл әкімдері сайланды

Осы реформаның арқасында әкімдерді тікелей сайлау тәсілі ен­гі­зіліп, әкімшілік реформа қол­ға алынды. «Бұл ретте бюд­жетаралық қатынастарды түбегейлі өзгерту де өте өзекті мә­селе. Жаңа экономикалық үлгі­ге көшкенде аймақтардың бюджет мәселесіндегі дербестігін арттыру керек» деген болатын маңызды құжатта Мемлекет басшысы. Ал жақында Қарқаралы ауданындағы Қарқаралы қаласы, Егіндібұлақ, Қ.Аманжолов, Балқантау, Томар және Угар ауылдық округтерінде жаңа әкімдер сайланды.

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытын­дысын «Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы сайлау туралы» Конс­ти­туциялық заңға сәйкес, учас­келік сайлау комиссия­ла­ры­ның хат­тамалары негізінде жария етті.

Қ.Аманжолов ауылының әкімі қызметіне Ербол Жоламан сайланды. Ол 1982 жылы туған. Бұған дейін ауданның жер қатынастары бөлімінің маманы болып қызмет атқарған. Қарқаралы қаласының тұрғыны. Кандидатты «Amanat» партиясы ұсынған.

Егіндібұлақ ауылдық окру­гі әкімі қызметіне Бейбіт Айтмаған­бет­ұлы сайланды. 1969 жылы туған. Өзі осы ауылдың әкімшілік аппаратында бөлім басқарған. Өзін-өзі ұсынған.

Томар ауылдық округінің әкімі қызметіне Нұрсылан Жағы­паров қайта сайланды. 1990 жылы туған, бұған дейін де Томар ауылдық округінің әкімі болған. Томар ауылының тұрғыны. Қайта сайланған әкімді кандидат ретінде «Amanat» партиясы ұсынған.

Балқантау ауылдық округінің сайланған әкімі – Ерсайын Қобы­лан­ды. 1994 жылы туған, «Қар­қаралы ауданының жастар ресурстық орталығы» ММ-нің директоры. Қарқаралы қала­сы­ның тұрғыны. Бұл кандидатты да «Amanat» партиясы ұсынған.

Угар ауылына Жанат Әкімов жаңадан сайланды. 1967 жылы туған, «Рымхан» шаруа қожа­лы­ғы­­ның жетекшісі. Қарқаралы ауда­ны Матақ ауылының тұр­ғыны. Өзін-өзі ұсынған.

Қарқаралы қаласының әкімі болып сайлаушылардың басым көпшілігінен дауыс алған Аслан Рахимбергенов сайланды. 1985 жылғы. Уақытша жұмыссыз болып тіркеулі. Қарқаралы ауданы, Балқантау ауылының тұрғыны. «Amanat» партиясы ұсынған.

Елдің сенімін еншілеген жаңа әкімдер өткен аптадан бас­тап қызметтеріне кірісті. Жол­дауда жүктелген міндеттің қан­ша­лықты жүзеге асырылып жатқа­нын халық үміт артқан осы әкім­дердің алда атқарар нақты ісінен көруге болады.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы