Президент • 25 Ақпан, 2024

Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен Кувейт халқын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп жазады  Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: aqorda_resmi

«Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен еліңіз болашақта өсіп-өркендеп, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Берік достық пен өзара сенімге негізделген әріптестігіміз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қарқынды дами түсетініне кәміл сенемін»,  деп жазылған жеделхатта.

Президент Кувейт Әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал бауырлас Кувейт халқына құт-береке тіледі.