Қоғам • 25 Ақпан, 2024

Жоғалып кеткен шетел азаматы бір айдан кейін табылды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғалған Өзбекстан азаматы Ақмола облысында табылды. Полиция Өзбекстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматы Рахманқұлов Құлмаханбет Абдухалилұлын іздестіруді сәтті аяқтады, деп жазады  Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Жоғалып кеткен шетел азаматы бір айдан кейін табылды

Фото: POLICE_of_KZ

«Ер адамды бір ай бойы полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді. Қ.А. Рахманқұловтың хабар-ошарсыз жоғалып кетуі туралы арыз  осы жылдың 22 қаңтарында Біржан сал ауданының полиция бөліміне келіп түсті. Туыстарының айтуынша, 52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген. Іздеу шаралары ауа райының қолайсыздығына қарамастан тоқтаған жоқ. Жоғалған кісі 24 ақпанда Степногорск қаласына жақын орналасқан Қарабұлақ ауылынан табылды», делінген ақпаратта.