Спорт • 24 Ақпан, 2024

Танымал ақынның немересі Азия чемпионы атанды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлының немересі Халифат Рауанұлы Ақсұңқар жекпе-жектің грэпплинг (рингтегі күрес) түрінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Танымал ақынның немересі Азия чемпионы атанды

Байрақты бәсеке Ақтөбе қаласының «Жекпе-жек сарайы» спорт кешенінде өтіп жатыр. 

Ертең қорытындыланатын құрлық бәсекесінде Халифат Ақсұңқар 66 кг салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінді. 

Спортшының бапкері – Айбар Оразалы. Сонымен қатар, оның рингтегі техникасына қызыққан бразилиялық қос бапкер Карлос Фариас пен Лукас Сильва Халифатты бірлесе жаттықтырған.

Жекпе-жектің «Кілемдегі шахмат» аталатын бұл түрі – самбо, дзюдо, еркін күрес және джиу-джитсу ережелерінің негізінде жасалған аралас бәсеке. Яғни, өте күрделі жекпе-жек. Қалай болғанда да, көпке таңсық жекпе-жек өнерінің қыр-сырын, әдіс-тәсілін жетік меңгерген Халифат Ақсұңқар қазақ халқының жауынгерлік өнердің жаужүрегі екенін Азия құрлығына мойындатты. Грэпплинг танымал спорт түрі саналатын елдердің сайыпқырандарын сан соқтырды.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05