Президент • Бүгін, 08:03

Сыртқы сын-қатерлерге берілген жауап

10 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақаласында халықаралық қатынастардың жаһан­дық жүйесіндегі трансформацияға терең талдау жа­салған. Қазіргі әлем бұрынғы әлемдік тәртіптің жүйелі дағ­да­рысын бас­тан кешіріп, күштер теңгерімінің жаңа архи­тек­турасының қалыптасу кезеңіне қадам басқаны атап өтіледі.

Сыртқы сын-қатерлерге берілген жауап

Автордың айтуынша, жаһан­дық реттеудің бұрынғы тетік­тері тиімділігін жоғалтып жатыр. Қауіпсіздік пен тұрақты­лық­ты қамтамасыз етуге тиіс халық­аралық институттар өршіп тұрған сын-қатерлер мен қақтығыстарға төтеп бере алмай отыр.

«Халықаралық бюрократия бірде-бір қақтығыстың алдын ала алмады, тараптарды одан әрі қарсыласуға итермелейтін дәрменсіз декларациялармен ғана шектелді», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев. Мақалада атап көрсетілгендей, қазір жаһандық күштер теңгерімі қайта бөлініп, халықаралық қатынастардың жаңа парадигмасы қалыптасып келеді. Бұл жерде әңгіме бұрынғы үстемдік моделінен түрлі күш орталықтарының өзара іс-қимылы мен бәсекелестігіне негізделген күрделірек жүйеге көшу туралы болып отыр.

Бұл трансформацияда геосаяси теңгерімнің жаңа конфигурациясы қалыптасып жатқан Еуразия құрлығы ерекше маңызға ие болып отыр. Мұндай жағдайда дербес және прагматикалық сыртқы саясат жүргізе алатын мемлекеттердің рөлі арта түспек.

Мақалада Қазақстанның геосаяси өсуіне қажетті алғы­шарт­­тар – табиғи ресурстар, мық­ты адам капиталы және стра­те­­гия­­лық географиялық орналасуы әрдайым болғаны ерекше атап өтіледі. Алайда, ондаған жыл бойы бұл факторлар «синер-гетикалық әсерсіз өз бетінше жұмыс істеп келді».

Автордың пікірінше, Қасым-­Жо­­март Тоқаевтың атал­ған ресурс­тарды біртұтас даму стра­тегиясына біріктіруге мүмкін­дік берген жүйелі шешімдері бетбұрысты кезең болды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді өңірдегі көшбасшы әрі маңызды тізбек ретінде мультиплекстік әлемнің жүйесіне кіріктіру жолында жасаған жүйелі қадамдары нағыз жетіспей тұрған элемент немесе синергияны іске қосқан кілт болды», деп атап өтті Сенат төрағасы.

Осылайша, автор әлемдік тәртіптің трансформациясы жағдайында Президент

Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары Қазақстанға жаңа шынайылыққа бейімделіп қана қоймай, Еуразия құрлығындағы жаңа күштер теңгерімін қалып­тастырудың белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік береді деген қоры­тынды жасайды.

Сенат төрағасы сондай-ақ ма­қалада Қазақстанның сырт­қы саяси бағытының трансформа­циясына ерекше назар аударған. Еліміздің бойтұмарына айналған көпвекторлы сыртқы саясат қазіргі жағдайда сапалық тұрғыдан жаңа мазмұнға ие болғаны атап өтіледі.

Автордың пайымдауынша, бұл ретте Мемлекет басшысының орасан зор дипломатиялық тәжірибесіне негізделген шешімдері шешуші рөл атқарды.

«Қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол тұ­жы­рым­даманы жаңа жаһан­дық сын-қатерлерге бейім­деді. Күш орталықтары арасын­­дағы тепе-теңдіктен Қазақстан бел­сен­ді түрде көптеген парал­­лель халықаралық желілерге қосы­ла бастады. Біз бір уақытта ЕАЭО мен ШЫҰ, C5+1 және Еуропалық Одақпен кеңейтілген серіктес­тік келісіміне қол жеткізіп, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына қатысу арқылы аталған алаңдар тоғысатын торапқа айналып отырмыз», деп жазады Мәулен Әшімбаев.

Мақалада атап көрсетілген­дей, жаңа модель қазірдің өзінде нақты нәтижелер беріп жатыр. Бұрын­ғы кезеңнен айырмашы­лы­ғы, ол «имидждік емес, нақты кірістермен өлшенетін нәтижелер әкелуді» қамтамасыз етеді.

«Көпвекторлық 2.0» «роман­тикалық дипломатиядан» нақ­ты мүдделер дипломатиясына, экономикалық прагматизм саясатына көшуді және құбылмалы дәуірдің сын-қатерлерін еңсеруді көздейді», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Мақалада Қазақстанның бел­­сенді көпвекторлы саясаты­ның негізгі басымдығына айнал­ған қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінген. Еліміз қақтығыстарды саяси-дипло­ма­тиялық жолмен реттеуді және халық­аралық құқықты нығайтуды дәйекті түрде жақтап келеді.

Сенат спикері осы тұрғы­да  Қа­зақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаһан­дық институттарды реформа­лау, соның ішінде Жаһандық Оңтүс­тік елдерінің мүдделерін ескеруге және орта державалардың рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ-ның ауқымды реформасы бойынша бастамаларын белсенді ілгерілетіп жатқанын айтады.

Осылайша, мақалада атап көрсетілгендей, көпвекторлы­лық 2.0 жай ғана сыртқы саяси ұстаным емес, қалыптасып жатқан мультиплексті әлем жағдайында Қазақстанның тұрақтылығын, қауіпсіздігін және экономикалық дамуын қамтамасыз ету стратегия­сына айналуда.

Қазіргі жаһандық өзгеріс­тер мемлекеттерден жекелеген шешімдерді емес, саяси үлгіні терең әрі жүйелі түрде трансформациялауды талап етеді. Автор мақаласында Қазақстан бұл үдеріске дер кезінде кіріскенін, республикалық референдумда жаңа Конституцияны қабылдау арқылы ауқымды реформаларды бастағанын атап өтеді.

Мақалада жаңа Ата заң елді жаңарту мен жаңғырту жолын­дағы қоғамдық сұранысқа жауап беретін тарихи таңдау екені ерекше атап көрсетілген.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаевтың пікірінше, жаңа Конс­титуция ұлт бірлігінің іргетасына айналып, турбулентті дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне дер кезінде берілген жауап болды.

«Бүгінде президенттік реформалар жай ғана өзекті емес, олар жаһандық өзгерістер ағынының ажырамас бөлігіне айналды. Әлемдегі қуатты күш орталықтарының бұрынғы жүйесі әлсіреп, жаңа күштер қалыптасып келе жатқан кезеңде өз егемендігін бәрінен жоғары бағалайтын, біртұтас ұлт қана жаңа әлемде лайықты орнын таба алады. Біз геосаяси дауылға дайын екенімізді көрсеттік. Бұл біртұтас, Әділетті Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», деп жазады Сенат төрағасы.

Мақалада сондай-ақ жаңа жаһандық шындық жағдайында елдің одан әрі дамуының негізгі бағыттары жан-жақты қарас­ты­рылады. Атап айтқанда, мульти­п­лексті әлемнің қалыпта­суы, сыртқы саясаттың трансфор­ма­ция­сы, сондай-ақ, желілік еге­мен­дік моделіне көшу мәсе­ле­лері сөз болады. Бұл модель аясын­да Қазақстан жаһандық эконо­микалық және көлік бай­ланыстарының маңызды әрі алмастырылмайтын тораптарының бірі ретіндегі рөлін күшейтеді.

Сенат төрағасының мақаласын­да Қазақстанның желілік егемендік қағидатына негізделген сыртқы саяси және геоэкономикалық стратегиясының жаңа моделін қалыптастыру мәселесіне де ерекше мән берілген.

Автор атап өткендей, Мемлекет басшысының шешімдері бұл үдерісте де шешуші рөл атқарып, дамудың жаңа үлгісіне көшуді қамтамасыз етті.

«Президенттің тиімді әрі жаңашыл саясаты ұлтымыз үшін жаңа мүмкіндіктер терезесін айқара ашып отыр. Сол терезе арқылы ықпалды, демократиялық мемлекетке айналған, қуатты инс­титуттары қалыптасқан, өңірлік көшбасшы және XXI ғасырдағы жаңа жаһандық тәртіптен лайықты орнын алған болашақ Қазақстанның жарқын бейнесін айқын көреміз», дейді Мәулен Әшімбаев.

Мақалада әлемдік жүйенің трансформациялануы жағ­дайында Қазақстан алпауыт мемлекеттердің мүдделеріне бейімделуді қойып, өзінің күрделі байланыс желісін құруға көшіп жатқаны айтылған. Мұнда еліміз шеткері элемент емес, жаһандық үдерістердің маңызды әрі таптырмас қатысушысы ретінде көрінеді.

Мәулен Әшімбаевтың пікірін­ше, жаңа шынайылықта «қуатты мемлекет – жаһандық ағындар өтетін хаб немесе торап іспеттес», ал әлемдік саясаттың логикасы: «кімде-кім осындай тораптар мен байланыстарға бақылау жасаса, сол әлемді бақылауына алады» деген формуламен анықталады.

Осы тұрғыда желілік егемен­діктің негізгі ұғымы енгізіледі, бұл бейімделу саясатынан жаһандық жүйеде өз құндылығын жасау стратегиясына көшуді білдіреді. «Егер классикалық көпвекторлық – жанжалдаспау өнері болса, желілік егемендік – басқаға қажетті болу өнері», деп атап өтті Сенат төрағасы.

«Егер классикалық көпвек­торлық – жанжалдаспау өнері болса, желілік егемендік – басқаға қажетті болу өнері», деп атап өтті Сенат төрағасы.

Жаңа стратегия елімізді жаһандық архитектурадағы рөлін күшейте отырып, «теңізге шығатын жолы жоқ landlocked елден құрлықты байланыстыратын land-linked елге» айналуына мүмкіндік беретіні баса айтылады.

Бұл модельдің іс жүзінде жүзеге асырылуына ерекше көңіл бөлінген. Мақалада көлік және логистикалық дәліздердің дамуы арқасында Қазақстан негізгі нарықтар мен экономикалық кеңістіктерді байланыстыра отырып, «географиялық тығырықтан Еуразиядағы маңызды тоғыз жолдың торабына» айналып отырғаны атап өтілген.

Палата спикері Президенттің құбылмалы әлем тетіктерін көрегендікпен түйсінуі және инновациялық саясатының арқасында Қазақстан байланысқа, икемділікке және жаһандық жүйенің таптырмас элементі болу қабілетіне негізделген мемлекеттіліктің жаңа үлгісін қалыптастырып отыр деген қорытынды жасайды. 

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05