Елорда • 23 Ақпан, 2024

Астанада жаңа автобус бағдары іске қосылады

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы айдың 24-інен бастап «Астанаинерт» – «№ 4 өрт сөндіру бөлімі» қатынасымен жаңа №42 бағыт іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Астанада жаңа автобус бағдары іске қосылады

Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автобус бағыты: «Агроқалашық» тұрғын алабында Оқжетпес, Қарбышев, Мұса Жалел, Ақан сері көшелеріне; Қараменде би Шакаұлы, Ш. Айтматов көшелеріне, «Шарын», «Мадрид» ТК; «Жағалау» шағын ауданында Ш.Айтматов, Сығанақ көшелері, «Brussels», «Жағалау-3», «Құлагер», «Шығыс», «Sat city», «Зеленый квартал» тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады әрі осыған дейін қоғамдық көлік жүрмеген Тұран даңғылының Ұлы дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықта қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Сондай-ақ бағыт «ҚР ІІМ орталық госпиталі», «№2 қалалық көпсалалы аурухана», «№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы», «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» ауруханаларына қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, Тұран даңғылының Орынбор және Р.Бағланова көшелерінің арасы уақытша жабылуына байланысты, бағдар Қабанбай батыр даңғылымен жүреді.