Қоғам • 22 Ақпан, 2024

Деструктивті діни ағымның жақтаушысы есірткі сатумен айналысқан

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, есірткі заттарын сатумен айналысқан екі күдіктіні анықтады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Деструктивті діни ағымның жақтаушысы есірткі сатумен айналысқан

Фото: POLICE_of_KZ

«Кентау қаласында тұратын бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер есірткі зертханасы мен притонды анықтады. Сонымен қатар құрамында апиын бар 10 мл 2 құты, пакеттегі марихуана, есірткі дайындауға арналған заттар мен шолақ мылтық тәркіленді. Екінші күдіктінің мекенжайынан радикалды мазмұндағы діни кітап табылды. Күдіктілер Кентау мен Түркістан қаласының тұрғындары, олардың бірі деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұр. Екеуі де бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп жазылған ақпаратта.

Күдіктілер қамауға алынды.