Аймақтар • 19 Ақпан, 2024

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды. «ҚазМұнайГаз» тарапынан құрылған комиссияның тексеру жұмысынан кейін осындай шешім қабылданды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ахуалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жария етті. 

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды

Ж.Көшербайұлы

«Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен  бас директордың орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасовты қызметтерінен босату туралы шешім қабылданды. Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелетін болады», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр.