Ауа райы • 19 Ақпан, 2024

Аяз қайтып, күн жылына ма? Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

34550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аяз қайтып, күн жылына ма? Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

Фото: Zakon.kz

Мамандардың айтуынша, арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа райын ұстап тұр. Алайда оңтүстік циклонға байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ таулы аймақтарда қалың қар жауады, ал елдің оңтүстік-шығысында аяздың беті қайтады.

Бұл ретте ауа температурасы батыста – түнде 10-25 градус, күндіз 5-15 градус аязға дейін, республиканың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы түнде 28-38, күндіз 15-23 аяз, шығыс өңірлерде түнде 32-45, күндіз 20-32 аяз, республиканың оңтүстік-шығысында температура түнде 15-25, күндіз 0-13 аязға дейін біртіндеп көтеріледі.