Бокс • 16 Ақпан, 2024

Ресейдің әйгілі боксшысы өмірін күрт өзгерткен қазақтың есімін атады

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей боксшысы Костя Цзю Қазақстанның атақты боксшысы оның өмірін күрт өзгерткенін мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресейдің әйгілі боксшысы өмірін күрт өзгерткен қазақтың есімін атады

Фото: primamedia.ru

К.Цзюдің сөзін Tofight.ru: «Ата-анам соның арқасында мені боксқа баулыған. Ол - Серік Қонақбаев. Ол қазақтың былғары қолғап шебері, оны көрген анам менің де боксшы болғанымды қалады», деп берген.

54 жастағы Костя Цзю бірінші жартылай орта салмақта кәсіпқой бокста WBC/WBA/IBF тұжырымы бойынша абсолют чемпион болған. Оның есімі Халықаралық бокс даңқы залына жазылған. 

64 жастағы Серік Қонақбаев – Мәскеуде өткен 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының да күміс иегері, екі дүркін Әлем кубогінің жеңімпазы және Еуропаның екі дүркін чемпионы.