Спорт • 14 Ақпан, 2024

Дзюдо: Бакуге кімдердің баратыны белгілі болды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан астанасында 16-18 ақпан күндері үлкен дулыға санаты саналатын Grand Slam Baku турнирі өтеді. Балуандардың әлемдік рейтингтегі ахуалын жақсартуға мүмкіндік беретін додаға еліміздің ерлер және қыздар құрамасы қатысады, деп жазады Egemen.kz Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дзюдо: Бакуге кімдердің баратыны белгілі болды

Фото: olympic.kz

64 мемлекеттен 413 балуан келеді жеп жоспарланған доданың жүлде қоры 154 мың АҚШ долларын құрайды.

Жеті салмақ дәрежесінде өтетін ерлер додасында 14 балуанымыз бақ сынап көреді. Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев, Еламан Ерғалиев сынды тәжірибелі балуандармен бірге жастардың да қарымы сыналмақ.

Қыздар додасына Гран-при турнирінің чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Кәмила Берліқаш сынды бұрымды балуандар қосылады.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше